Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Қобда аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымының педагогтеріне арналған Қосымша білім берудегі ұлттық өнер арқылы шығармашыл тұлғаны дамыту» тақырыбындағы семинар - практикум өткізілді.
Семинар - практикум Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Б.Даржан мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Нарегееваның алғы сөзімен ашылды.
Семинардың мақсаты – ұлттық өнерді қосымша білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық өнер элементтерін сабақта тиімді қолдану жолдарын талқылап, тәжірибелік бөлімдерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар «Музеология саласы, музей педагогикалық білім беру жүйесіне еңбек ететін ғылым орталығы», «Этно-мотивтер арқылы тұлғалық көркем ойлау», «Ұлттық нақыштағы сәнді аксессуарлар», «Жүннен жасалған ғажайыптар:ұлт мұрасы – киіз өнері», «Бисермен кестелеу – ұлт мұрасын жаңғырту» тақырыбындағы шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қортындыланып, қатысушылар ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.