Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 ақпан күні Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының ТжКББ ұйымдарының тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтері мен топ кураторларымен «Жастардың бойында құндылықтар арқылы құқықтық, моральдық тәрбиені қалыптастыру» тақырыбында өңірлік семинар - тренинг өтті.
Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/101-t-rbie-ba-yty-bojynsha-rl-k-seminar-trening#sigFreeIdd8e6cdf0e8
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/101-t-rbie-ba-yty-bojynsha-rl-k-seminar-trening#sigFreeIdd8e6cdf0e8
Әр облыстың әдістемелік орталықтарының директорлары және директор орынбасарлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында озық тәжірибелі облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері мен ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы тәрбиелеу», «Құндылықтар жүйесі – жастардың тұлғалық дамуының негізі», «Тәрбие жұмысы: жастардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі», «Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру: Құндылықтар мен моральдық қағидалар» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр студенттің көшбасшылық ерекшелігін ашу, жастар бастамаларына қолдау көрсету бағытында топ кураторлар, педагог-психологтар, жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысын жандандыру қажеттігіне тоқталды.
Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.