Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

          Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Темір аудандық оқушылар үйінің базасында «Ұлттық қолөнер – ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы  шығармашы- лық шеберхананың кезекті отырысы  және  қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне және білімалушыларға  арналған  «Қосымша білім берудегі шығармашылыққа үйретудің инновациялық әдістері мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар - практикум   өткізілді.

Семинардың алғы сөзі Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна мен Темір аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Темирханова Гульшат Темирхановнаға берілді.

 Мақсаты: Педагогикалық шығармашылық шеберхана – педагогтердің кәсіби деңгейі мен тәжірибесін арттыра отыра, қосымша  білім беруде, әр балалаға салт- дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу, ұлтымыздың рухани байлығын дамыту, өзінін жеке танымдық, эстетикалық, көркемдік шығармашылық  сұраныстарын  қанағаттандыруға  мүмкіндікті  беру. Ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие патриотизімнің бастауына ықпал ету.

   Шара барысында шеберехана мүшелері қазақ халқының мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету,  түрлі бағыттағы шеберлік сағаттары мен шығармашылық жұмыстың заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетіп, қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет үйірмелерінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Қобда аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымының педагогтеріне арналған  Қосымша білім берудегі ұлттық өнер арқылы шығармашыл тұлғаны дамыту» тақырыбындағы  семинар - практикум   өткізілді.

     Семинар - практикум Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Б.Даржан мен  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Нарегееваның алғы сөзімен ашылды.

      Семинардың мақсаты – ұлттық өнерді қосымша білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық өнер элементтерін сабақта тиімді қолдану жолдарын талқылап, тәжірибелік бөлімдерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

       Сонымен қатар «Музеология саласы, музей педагогикалық білім беру жүйесіне еңбек ететін ғылым орталығы», «Этно-мотивтер арқылы тұлғалық                      көркем ойлау», «Ұлттық нақыштағы сәнді аксессуарлар», «Жүннен жасалған ғажайыптар:ұлт мұрасы – киіз өнері», «Бисермен кестелеу – ұлт мұрасын жаңғырту» тақырыбындағы шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

    Шара соңында қортындыланып, қатысушылар ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

    Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің директоры, басшы менеджер Берсугирова Шолпан Мазбаевнаның  озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында  «Қосымша білім берудегі заманауи трендтер мен мектеп басшысының миссиясы» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, оқу-тәрбие орынбасарларына арналған семинар-практикум өткізілді.

     Шара барысында аудан әкімі Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға өз ризашылығын білдірді. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Нарегеева облыстық семинар-практикум бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, сәттілік тіледі.

Семинар-практикум барысында: «Қосымша білім берудегі заманауи трендтер мен мектеп басшысының миссиясы», «Қосымша білім беру бағдарламаларын жаңарту: әдіс-тәсілдер мен құралдар»,  «Мектеп басшысының миссиясы, мотивация, көшбасшылық және стратегиялық даму», «Қосымша білім берудегі жаһандық және ұлттық трендтер» «Қосымша білім берудегі менеджмент: басқарудың тиімді әдістері, ерекшеліктері» (топтық жұмыс), «Жас мамандарды қалыптастырудағы мектеп директорының қосымша білім беру орталықтарының ынтымақтастары  мен серіктестік үлгілері» «Ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнату және ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз  іс-тәжірибесімен бөлісті.

        Шара соңында  Әйтеке би аудандық білім бөлімі басшысы Сәулеш Бақытжанқызы және Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің .кәсіподақ ұйымының төрағасы  Зинел Бекетов қатысушыларға алғыс білдіріп, Берсугирова Шолпан Мазбайқызын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады,

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/dopolnitel-noe-obrazovanie#sigFreeIde218bfe356

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары бойынша «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына  үміткерлер мен қайта растайтын қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Жаңашыл идеялар мен озық тәжірбие: авторлық әдістеменің негіздері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Облыс деңгейінде кемінде 3 ауданда  тәжірбиені тарату  мақсатында  ұйымдастырылған облыстық семинарға Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Қобда, Темір, Шалқар, Байғанин аудандарының қосымша білім беру педагогтері авторлық бағдарламаларын таныстырды.

«ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ТӘРБИЕ КӨЗІ» облыстық ворк-шоп

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Дәстүрге жол» залында «Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар» шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы және қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбындағы облыстық ворк-шоп өткізілді.

Шара барысында Шукранова Гульмира Айдынгалиевна, Казанғап атындағы балалар өнер мектебінің психологі, педагог-зеттеуші  «Жақсы көңіл-күй - жан тыныштығы» психологиялық тренинг, Таженова Ләйла Мырзалиевна, Ақтөбе қаласы, Қалалық көркемсурет лицейі, қосымша білім беру  педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі,Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі  «Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі - ши тоқу әдісі», Балмурзиева Айман Кайсаевна, Қобда ауданы Қобда аудандық оқушылар Сарайы қосымша білім беру педагогі «Бисерден сәндік бұйымдар жасау жолында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері», Курманова Нургул Мухамбетжановна, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-нің  қосымша білім беру педагогі «Моншақты браслет», Айтбаева Айгуль Абдулкаримовна,Алға қаласы «Жастық жігер» аула клубының қолөнер үйірмесінің жетекшісі  «Кимешек тігу әдісі», Балмуратова Райгуль Косакбаевна, Ақтөбе қаласы, «Шаңырақ аула клубы» МКҚК «Шолпы» қолөнер үйірмесінің жетекшісі «Моншақпен ұлттық ою - өрнекті сумка тоқу технологиясы» тақырыбында  шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шығармашылық шеберхана мүшелері  өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

       Шара соңында   қортындыланып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/dopolnitel-noe-obrazovanie#sigFreeId34eb6c917f

«Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар»

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, Қалалық көкремсурет лицейінің қосымша білім беру педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі Таженова Ләйла Мырзалиевна жетекшілігімен «Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы  шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы  және  қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған  «Қосымша білім берудегі шығармашылыққа үйретудің инновациялық әдістері мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар  өткізілді.

       Шара барысында Ақтөбе қаласы, Қалалық көркемсурет лицейі, қосымша білім беру  педагогі Таженова Лэйла Мырзалиевна «Гобелен тоқу өнері», Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Жулкерова Гульназ Шамильевна «Шығармашылық пен ізденіске қол жеткізу арқылы жаңа технологияларды тиімді пайдалану»,  «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-нің  қосымша білім беру педагогі Төребекова Римма Көпбергенқызы «Жүнмен шығыңқы бейне жасау», Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Махаева Жанат Бекбулатовна «Шелкография әдісі»«Бұйымдарды безендіру»«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК-ның «Қолданбалы қолөнер»  үйірмесінің жетекшісі Өришанова Гүлжанат Балтабайқызы «Тұмар картинкасы»,Қазанғап атындағы Өнер мектебінің қосымша білім беру  педагогі Жангасиева Самал Айсагалиевна «Сәндік қолданбалы өнерінің декоративтік элементтері» тақырыбында  шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шығармашылық шеберхана мүшелері  өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Шара соңында   қортындыланып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/dopolnitel-noe-obrazovanie#sigFreeIdc3f7562381

Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» КММ -нің «Сөз барымтасы» айтыс үйірмесінің жетекшісі, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, республикалық айтыстардың жүлдегері, қосымша білім беру педагогі Керімбек Аруна Берікқызының «Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері А.М.Нарегеева және Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы»КММ-нің әдістемелік бөлім меңгерушісі Ж.З.Қонысова сөз сөйлеп, Шығармашылық шеберхана бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерге сәттілік тіледі.

Шығармашылық шеберхана жетекшісі «Қосымша білім беру ұйымдарында айтыс үйірмесінің маңызы», «Айтысқа дайындау барысында жіберілетін қателіктер», «Мақам таңдауда дәстүрлі ән мектептеріне назар аудару», «Айтыс өнеріндегі негізгі ұстанымдар» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс соңында қатысушы әріптестермен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT