2025 жылғы 6 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие: педагогтің білім беру мен тәрбие жұмысындағы маңызды рөлі» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.
📌Шара барысында орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Құндылықтарға негізделген білім беру: кәсібилік пен шығармашылықты қалыптастыру» тақырыбында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсетті.
📌Тәжірибелік бөлімде ТжКББ ұйымдарының озық тәжірибелі педагогтері Ақтөбе автожол колледжінің директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы Ш.Сарсембаева «Тарих сабағында Scaffold карталарын пайдалану арқылы жеке тұлғалық құзыреттерді қалыптастыру», Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің экономика пәнінің оқытушысы А.Сегизбаева «Тұлғаға жол ашқан тәрбие» – педагогтің кәсіби шеберлігі негізінде», Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің әдіскері Ғ.Ахметжанова «Тұлғаның дамуына бағытталған креативті оқыту тәсілдері», Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Ж.Курманова «Жасанды интеллект пен Action Research: тәжірибені жүйелі жетілдіру» тақырыптарында шебер-класс, кейс – стади, life-коучинг көрсетуде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
🎯Шара соңында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психологі Н.Жармуханбетова «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді.
Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.



