Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 19 сәуір күні «Шабыт» жобасы аясында жалпы білім беретін мектептер арасында «Этно ауыл» ұлттық көрме-байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеу, педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, тарихи-этнографиялық мұраны насихаттау және ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру болды.

Облыстық кезеңге барлығы 8 команда қатысып, байқауға әр мектеп өз атынан командалық түрде этнографиялық экспозициялар ұсынып, үш негізгі бағыт бойынша жұмыстарын таныстырды:

1.«Дәстүрлі қолөнер» (ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, тоқыма және ағаш өңдеу),

2.«Ұлттық тағамдар» (қазақ асханасындағы дәстүрлі тағамдарды дайындау және таныстыру),

  1. «Этно үй» (қазақтың дәстүрлі киіз үйінің макеті, ішкі көрінісі мен тұрмыстық бұйымдары). Командалар арасында жеребе тастау арқылы реттік тәртіп анықталды.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын үш бағыт бойынша 5 балдық жүйемен бағалады:

  • тарихи және этнографиялық дәлдік,
  • шығармашылық идея мен эстетикалық безендіру,
  • практикалық шеберлік пен қолөнер сапасы,
  • командалық жұмыс пен бірлік,
  • жұмысты таныстыру шеберлігі.

Әр команда аталған критерийлерге сәйкес өз жобаларын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша : Гран-при жүлдесін Ырғыз ауданының «Саф дала» ауылы жеңіп алды. І орын Ақтөбе қаласының «Дәстүр» ауылына бұйырды. ІІ орынды Темір ауданының «Мұрагер» ауылы мен Мұғалжар ауданының «Береке» ауылы өзара бөлісті. ІІІ орын Байғанин ауданының «Ы.Алтынсарин» ауылы мен Әйтеке би ауданының «Бірлік» ауылының еншісіне тиді. Сонымен қатар, Мәртөк ауданының «Асыл мұра» ауылы «Үздік командалық жұмыс» номинациясына, Ақтөбе қаласының «Қара шаңырақ» ауылы «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы команда» номинациясына ие болды.

Бұл байқау педагогтер үшін ұлттық мұраға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерді шыңдауға және этномәдени білімді кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT