https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-sh-yr-oj-alany#sigFreeId8ba0b0068e
2025 жылдын 15 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде дебат жетекшілеріне арналған «Спикерлерді дайындау методикасы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша 28 дебат жетекшісі қатысты.
Семинардың мақсаты – спикерлерді кәсіби даярлау әдістерін меңгерту, пікірсайыс клубтарының жылдық жұмысын жүйелеу, халықаралық форматтармен таныстыру, сонымен қатар дебаттық турнирлерді тиімді ұйымдастыру жолдарын үйрету болды.
Семинар барысында «Пікірсайыс клубын жүргізу – жылдық жоспар жасау», «WSDC форматының салыстыру анализдері», «Пікірсайыс турнирлерін жеңу мен ұйымдастыру» тақырыптары ұсынылып, талқыланды.
Қатысушылар теориялық материалдармен қатар практикалық жаттығулар арқылы өз тәжірибелерін толықтырып, пікірсайыс клубының жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты әдістер мен тәсілдермен танысты.
Шараның нәтижесінде жетекшілер дебат жүргізу әдістемелері мен ережелерін меңгеріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-sh-yr-oj-alany#sigFreeId4515b87021
“Пікірсайыс – оқушыларды дамыту құралы ” облыстық шығармашылық есебі өтті
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 13 ақпан күні Ақтөбе қаласы №51 гимназиясының тәжірибелі пікірсайыс жетекшісі Жәкен Нүркеннің шығармашылық есебі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан 40-қа жуық дебат жетекшісі қатысты. Есеп барысында Нүркен Дәуітбайұлы жетекшілік ететін “Риторика” МПА оқушылары көрсетілімдік ойын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар,шара барысында пікірсайысшыларға пайдалы әртүрлі сайттар мен жасанды интеллект құралдары ұсынылып, олардың мүмкіндіктері көрсетілді.
Ашық микрофон барысында кері байланыс жасалып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, пікірсайысты дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Бұл шығармашылық есеп пікірсайыс жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-sh-yr-oj-alany#sigFreeId3e8b8d4530
Құзыретті көшбасшылық: мектеп директорына қажетті дағдылар мен тәсілдер
Актөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 27 қаңтарда «Құзыретті көшбасшылық: мектеп директорына қажетті дағдылар мен тәсілдер» тақырыбында онлайн форматта облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинарға Ақтөбе облысының жаңадан тағайындалған 70-тен астам мектеп директоры қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мектеп басқару мәселелерін талқылап, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді басқару әдістерін меңгерді.
Семинарда 2024 жылғы облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары өздерінің басқару тәжірибесімен, мектептегі білім сапасын арттырудың озық әдістерімен және ұжымды тиімді ынталандыру жолдарымен бөлісті:
- Бекжанов Орынбасар Избасарұлы, №76 жалпы білім беретін мектептің директоры;
- Кенжебаева Анар Төлкібайқызы, Ақтөбе қаласындағы №50 орта мектептің директоры.
Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, спикерлерден толық әрі нақты жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Ашық диалог форматы директорларға өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды қарастыруға жағдай жасады.
Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралардың кәсіби шеберлікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын және мектеп басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге көмектесетінін атап өтті.
«Дебат жүргізудің негізгі ережелері, элементтері және техникасы»
2024 жылдың 28-29 қазан күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дебат жүргізудің негізгі ережелері, элементтері және техникасы» тақырыбында дебат жетекшілеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті. Бұл шараға 41 жетекші қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның мұғалімі Т.Б. Снасапин WSDC (World Schools Debating Championships) ойындарының төрешілігі және оқушыларға WSDC ойындарын қалай түсіндіру керектігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, WSDC төрешілігін талдау тақырыбында да кеңінен ақпарат берілді.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылармен дебаттық көрсетілім ойыны ойнатылып, жетекшілерге төрешілік ету тәжірибесі ұсынылды. Ойынның нәтижелері бойынша талдау жүргізіліп, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шараның нәтижесінде жетекшілер дебат жүргізу әдістемелері мен төрешілік ережелерін меңгеріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.