Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 21 ақпанында workshop форматында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда тиімді әдістерді пайдаланудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/92-erekshe-b-l-m-beru-azhett-l-kter-bar-balalardy-o-ytuda-ti-md-d-sterd-pajdalanudy-ma-yzy-ta-yrybynda-y-workshop#sigFreeId6998c28805
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 21 ақпанында workshop форматында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда тиімді әдістерді пайдаланудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда түзету жұмыстарын жетілдірудің және тиімді әдістерді пайдаланудың манызын көрсету.
Шара барысында Ақтөбе қаласының № 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мамандарының іс –тәжірибесі таратылып, мектеп жасындағы балалардың математикалық және сенсорлық дағдыларын дамыту, логопедияда дәстүрден тыс әдістемелерді қолдану, сенсомоторлы алалияны түзету жолдарымен және есту қабілетін дамыту бойынша жұмыс барысымен бөлісті.
Семинарға Ақтөбе қаласының 40-қа жуық жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен логопед, дефектологтары қатысты.