Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 18 ақпанында сынып жетекшілеріне арналған «Шеберліктің сан қыры» облыстық онлайн-семинары өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/90-sheberl-kt-san-yry-oblysty-onlajn-seminary-tt#sigFreeIde5b5656133
Семинардың мақсаты – сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін талқылау, тәжірибе алмасу және оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін заманауи тәсілдерді қарастыру.
Іс-шараға Ақтөбе облысының 90 педагогы, оның ішінде сынып жетекшілері мен тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлер қатысты.
Семинар барысында қатысушылар ерекше қызығушылық танытқан мәселелердің бірі – спикерлердің жұмыс тәжірибесі мен практикалық жетістіктерін таныстыру болды.
Семинар аясында «Ашық микрофон» сессиясы ұйымдастырылды.
Бұл бөлімде сынып жетекшілері мен әдіскерлер өз ұсыныстарымен бөлісіп, әріптестерінен пайдалы кеңестер алып, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға бағытталған шығармашылық тәсілдер мен тиімді педагогикалық шешімдердің маңыздылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Педагогтер ұйымдастырушылар мен спикерлерге жемісті жұмыстары үшін алғыс білдірді.