Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Үздік педагог-2024» республикалық конкурс иегерілері – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Дархан Түгелбайұлы Шаңбаев, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Гульнар Жалгасовна Ещанова, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Талгат Саматович Карагуловтың шебер-класы өткізілді.
Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, жеңімпаздардың іс-тәжірибесін тарату және педагогтарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шарада «Үздік педагог» атағын беру қағидалары, ақпараттық жүйеге құжаттарды енгізу жолдары, педагогтың портфолиосын құрастыру, педагогикалық қызметті мониторингтеу әдістері және ғылыми-педагогикалық қызмет туралы ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, байқауға педагогтарды дайындауда колледжден бастау алатын әдістемелік қызметтің алгоритмі таныстырылып, педагогтың жаңашылдыққа ұмтылысы, оқыту әдістемелерін үнемі жетілдіруі, білім сапасын арттыруға бағытталған шығармашылық тәсілдері мен тиімді педагогикалық шешімдердің маңыздылығы туралы өзара пікір алмасып, ұсыныстар білдіріліп, шара қорытындыланды.