Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 ақпан күні ZООМ платформасында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/79-ltty-ylymi-praktikaly-ortaly-ymen-b-rlesken-onlajn-seminar#sigFreeId1371faa7cb
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 ақпан күні ZООМ платформасында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Шараға барлығы 100 - ден астам аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, инклюзивті қолдау кабинеттерінің педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтары мен топ кураторлары қатысты.
Семинар барысында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық орталығы» РММ-нің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер А.Д.Сейсенова білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және еңбекке даярлау мәселесі бойынша ақпаратпен бөлісе отырып, заңнамалық құжаттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Алматы технология және флористика колледжінің инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскері Г.Б. Стамбекова ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы баяндады.
Сонымен қатар облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының мамандары А.Ш. Анесова және Г.К. Кудайбергенова ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.
Шара соңында семинар қатысушыларымен кері байланыс жасалып, сұрақ-жауаптар алынды.