Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейі мен бірлескен «Future Skills - It & Ai: алғашқы қадам» Жобасы бастау алды.

«Future Skills - IT & AI: алғашқы қадам» жобасы 2025–2026 оқу жылына арналған облыстық деңгейдегі білім беру процессінде ЖИ көмекші құрал ретінде енгізу жұмысының бастамасы. Жоба педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға, оқу-тәрбие процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуге  бағытталған.

Өзектілігі:

  • Қазіргізаманғы білім беруде цифрлық дағдылар мен ЖИ технологияларын меңгеру – негізгі талап.
  • ЖИ арқылы оқу процесін жекелендіру әрбір білім алушының қабілетін ашуға мүмкіндікбереді.
  • Педагогтер үшін ЖИ құралдарын сабақта қолдану – кәсіби дамудың жаңа бағыты.
  • Ата-аналардың ЖИ туралы түсінігін арттыру – қауіпсіз әрі тиімді қолдануға ықпал етеді.

Күтілетін нәтижелер:

  • Педагогтер ЖИ-дісабақтарда қолдануды меңгереді.
  • Білім алушылардың цифрлық дағдылары артып, ЖИ құралдарымен жұмыс істей алады.
  • Ата-аналар ЖИ-дің оң қырларын түсініп, оны қауіпсіз қолдану жолдарын үйренеді.
  • Облыскөлемінде тәжірибе алмасу алаңы қалыптасады.
  • ЖИ арқылы саралап оқыту (дифференциация), жекелендірілген оқыту (персонализация), даралап оқыту (индивидуализация) қағидалары тәжірибеге енеді.

Жоба аясында педагогтерге ЖИ құралдарын сабақта қолдану жолдары үйретіліп, кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік ашылуда. Білім алушылардың цифрлық сауаттылығы мен практикалық дағдылары қалыптасты. Сондай-ақ ата-аналар тарапынан да ЖИ-дің тиімді мүмкіндіктерін танып, білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауда қауіпсіз пайдалануды үйренуіне ықпал етуде. Облыс көлемінде педагогтер мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылып, ЖИ негізінде жаңа әдістемелік шешімдер мен жобалар жасалуда.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT