2026 жылғы 28 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Адал азамат» бейнесін қалыптастыруда ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар жүйесі» тақырыбында Ақтөбе қаласы №43 «Гүлдәурен» балабақшасында семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/301-adal-azamat-bejnes-n-alyptastyruda-rpa-t-rbies-ndeg-ltty-ndyly-tar-zh-jes-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeId8368794c6d
Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Г.Жетмекова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Балабақша меңгерушісі К.Шокпарова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзінің білім беру ұйымында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
№43«Гүлдәурен» балабақшасының педагогтері және тәрбиешілері «Адал ұрпақ қалыптастырудың қайнар көзі - балабақшада», «Ұлттық ойындар-баланың тұлғалық дамуының құралы», «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген ойын түрлері», «Балабақшада адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тәрбиелік жолдары», «Музыкалық іс-әрекетте ұлттық аспаптарды қолдану арқылы «Адал азамат» тәрбиесін қалыптастыру», «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы балаларды ұлтаралық сыйластықта тәрбиелеу», «Қазақы тәрбие - бала болмысының бастауы» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

