Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

       2026 жылғы 23 қаңтарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың практикалық жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді.

     

Семинардың мақсаты – мектепалды сынып тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер мен практикалық жұмыс түрлерін меңгерту.

       Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды шараға қала және аудан мектептерінен 70 мектепалды сынып тәрбиешілері қатысты.          

       Семинардың ашылуында орталық әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі А.Искендирова тақырыптың өзектілігіне тоқталып, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы семинардың маңыздылығын атап өтті.

       Семинар барысында педагогтер төмендегі тақырыптар аясында өз тәжірибелерімен бөлісті: «Мектепалды сынып балаларының сөйлеу шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер», «Ұлттық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Қалдық материалдардан ғажайып бұйымдар жасау», «Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ойын әдістерін қолдану», «Балалардың қиялын дамытудағы шығармашылық тапсырмалардың рөлі», «Дәстүрлі емес сурет салу арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту», «Отбасы мен мектепалды сынып ынтымақтастығы арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту».

      Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Қатысушылар семинардың тәжірибелік бағытта ұйымдастырылғанын, ұсынылған материалдардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT