2026 жылғы 26 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жоба аясында «Жасыл балабақша жобасының тиімділігі және оны іске асыру жолдары» тақырыбында Байғанин ауданы «Рауан» бөбекжай-балабақшасының базасында семинар-практикум өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/294-zhasyl-balaba-sha-zhobasyny-ti-md-l-g-zh-ne-ony-ske-asyru-zholdary-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeId45c166b70f
Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.м. А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, семинардың, жалпы облыста жүргізіліп жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды. Балабақша әдіскері Г.Исмайлова «Жасыл балабақша» жобасын өз балабақшасында іске асыру барысымен, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Байғанин ауданы бойынша «Жасыл балабақша» жобасымен тірек балабақша болып саналатын «Рауан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері «Экологиялық ертегі: «Көкөністер айтысы», «Интеграцияланған қызмет: Табиғатты аялайық», «Жасыл дәріхана – мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу құралы», «Жуа өсіру» жобасы, «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлайық!», «Үй жануарлары», «Экологиялық ойындар» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

