Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші-2025» облыстық байқауы өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/266-zd-k-k-s-bi-ba-dar-berush-2025-baj-auyny-zhe-mpazdary-any-taldy#sigFreeIdb0d7894009
«Кәсіп таңдау: бейнемен баяндау» және «Кәсіби бағдар беру жұмысының жылдық портфолиосы» тақырыбындағы екі тапсырмадан тұратын байқауға қатысушылар кәсіби бағдар беру қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер тұжырымдамасын, колледж даярлайтын мамандықтар туралы оқушылардың хабардар болу деңгейін арттыратын инновациялық жұмыс түрлерін ұсынды. Сонымен қатар, «Қадам-life» жобасының нәтижелері бағаланып, үздік практикалар іріктелді.
Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша 2025 жылдың ең үздік кәсіби бағдар берушілері анықталды:
1-орын
Жилкайдарова Гүлдәурен Русланқызы, Ақтөбе автожол колледжі
Муканова Алтынгул Утегеновна, Садуакасова Жайнагул Абаевна, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
2-орын
Бахитжанова Махаббат Бекболатовна, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
Канбаев Муратбек Сабирович, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
3-орын
Сейтмағамбет Сәния Асқарқызы, Актөбе құрылыс-монтаж колледжі
Даорчиашвили Георгий Васильевич, Дулатова Жангүл Болатбекқызы, Ақтөбе техникa-технологиялық колледжі
Туленова Ақбала Жолдыбаевна, Байғанин техникалық колледжі
Шевченко Никита Алексеевич, Дуйсенова Асель Казгельдиновна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
«Мамандықтар әлемі: үздік бейнеролик» номинациясы:
Райжан Алданыш Қолғанатқызы, ДҮНИЕ колледжі
Байгутдиева Сания Шинтасовна, Қобда көпсалалы колледжі
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!

