Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  «Сынып сағатының белсенді үлгілері: өзектілік, перспектива, нәтиже» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға  50-ге жуық сынып жетекшілер қатысты.

Семинардың мақсаты: сынып сағатын ұйымдастырудың тиімді және белсенді үлгілері арқылы оқушылар бойында адалдыққа негізделген азаматтық мәдениетті, қоғамға қызмет етуге бағытталған біртұтас тәрбие құндылықтарын қалыптастыруда педагогтердің шығармашылық мүмкіндігін кеңейту.

Шара барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.Аскербекова ашып, алғы сөзінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктері мен бала тәрбиесінің қоғамдағы маңызын айта отырып, облыстық семинардың негізгі мақсатын таныстырды.

Облыстық семинардың спикерлері мен тақырыптары:

  1. Кенжегалиева Гаухар Жақсылыққызы, Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: «Сынып жетекшісі: оқушы идеалы, адами құндылықтарды бойға дарытушы, мәдениетке, адалдыққа шақырушы тұлға» тақырыбында сынып жетекшілердің портфолиосы ерекшеліктерімен таныстырды.

  1. Телағысова Ментай Ырзабайқызы, «JAN AHUAL» облыстық психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі

Тақырыбы: «Баланың психологиялық портреті: тұлғалық дамуды танудың кілті».

  1. ЖАСАНОВА Ақмарал Мубараковна, Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі

Тақырыбы: «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өз ойымен бөлісті.

 Оқыту семинар барысында сынып сағатын ұйымдастырудың тиімді үлгілері ұсынылып, педагогтер белсенді әдіс-тәсілдер арқылы тәрбие жұмысын жаңғыртудың жолдарын талқылады. Қатысушылар оқушылардың адалдық, жауапкершілік, азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарын дамытуға бағытталған практикалық тәжірибелермен танысты.

Семинар соңында «Еркін микрофон» ұйымдастырылып, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

 

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT