Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжар аудандық білім бөлімі, Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназия базасында «Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие құндылықтарын сіңіру, заманауи тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру және педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды.

Семинарға өңірдегі аудандардың және Ақтөбе қаласының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында педагогтер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімді тұстарын таныстырып, практикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бағытындағы жұмыс тәжірибелері ұсынылып, жеке қауіпсіздік сабақтарын жүргізудің мазмұны мен әдістері талқыланды. Кәсіби бағдар беру бойынша да жұмыстар ұсынылып, қатысушылар оқушыларды болашақ мамандыққа бағыттаудың жаңа тәсілдерімен танысты.

Семинар қатысушылары ұлттық тәрбие берудегі озық идеялармен алмасып, өзара пікірлесіп, тәжірибе қоржынын толықтырды..

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT