Ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Шеберлер шыңы» жылдық жоспарына сәйкес «Креативті ойлардың генераторы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында педагог-шеберлер Ж.К.Куанова, Ш.Ж. Утегенова, Р.Қ.Алматова, Е.Т.Тобылбаев заманауи әдістер мен жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, 3D модельдеу, мультфильм құрастыру, сабақ жоспарлау және функционалдық сауаттылықты дамыту бағыттарында өздерінің инновациялық жұмыстарын ұсынды. Іс-шара тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға және жаңа идеяларын генерациялауға мүмкіндік берді.