Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру: профилактикалық жұмыстардың тиімді моделі» тақырыбында облыстық ашық алаң өтті.

 Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілеріне қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

Алаң жұмысына білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Ашық алаң барысында спикерлер төмендегі бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Аскербекова Ақгүл Аскербекқызы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары – Алғы сөз;
  • Аймурзина Гүлназ Асқаровна, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. ҚР заңнамасына және білім беру стандарттарына сәйкес тәрбие жұмысы»;
  • Кенжеғалиева Гаухар Жақсылыққызы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Сынып жетекшісі: оқушы идеалы, адами құндылықтарды бойға дарытушы, мәдениетке, адалдыққа шақырушы тұлға» портфолиосы;
  • Суюмова Енілікгүл Тлекбаевна, №5 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – «Тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудағы мектепішілік бақылаудың рөлі»;
  • Қалдыбаева Ақмарал Боранбаевна, Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және
    Қуанышбекова Данагүл Тынықбайқызы, осы мектептің аға тәлімгері – «Мейірім мен мәдениетке негізделген “ДОСБОЛLIKE” жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасының жүзеге асырылуы»;
  • Шагиров Жанибек Асылбекұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі – Интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында өзара пікір алмасу өткізілді.

Бұл кездесу педагогтердің бірлескен кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және мектептердегі қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға маңызды үлес қосты.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT