Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 25 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Үздік педагог-2015» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің сурдопедагогі Жанжигитова Гульмира Молдагереевнаның озық іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

Шараға облыстың 30-ға жуық жас арнайы педагогтері қатысты. Шара аясында тәжірибелі маман «Түзету сабақтарында естімейтін балаларды оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында шебер-класс өткізіп, өзінің жұмысындағы заманауи тәсілдермен бөлісті.

Сурдопедагог шебер-класс барысында нейробика элементтерін қолдану, дыбыстарды қою және автоматтандыру әдістері, музыкалық аспаптарды пайдалану, сондай-ақ балалармен жұмыста тактильді-вибрациялық тәсілдерді тиімді пайдалану бойынша практикалық әдістерді көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасып, тақырыпқа байланысты кері байланыс берді. Жас педагогтер үшін бұл тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін беріп, ерекше білім беруді жетілдіруде маңызды бағыттардың бірі ретінде бағаланды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT