2025 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік семинар өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/238-d-stemel-k-seminar-inklyuzivt-b-l-m-beru-zekt-m-seleler-zh-ne-sheshu-zholdary#sigFreeId52d8103326
Семинар жұмысына қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ облыс көлеміндегі жалпы орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді үйлестіретін мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында инклюзивті білім беру саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тиімді жұмыс жүргізу әдістері мен өзара іс-қимыл алгоритмдері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Ұлттық білім беру деректер қорын (ҰБДҚ) сапалы әрі толық толтыру мәселелері мен оны шешу жолдары талқыланды.
Семинарға барлығы 50-ге жуық қатысушы белсене қатысып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру ұйымдарындағы инклюзивті тәжірибені дамытуға оң ықпалын тигізді.

