Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

           2025 жылдың 9-10 маусым аралығында Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен арнайы (түзету) білім беру саласындағы озық тәжірибені анықтау, қолдау және тарату арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» атты республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

            

 Байқауға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 5 педагогі, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың 2 педагогі, арнайы мектептердің 5 педагогі, арнайы балабақшалардың 5 педагогі және 5 тәрбиешісі қатысты. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын байқаудың жалпы ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.

         Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» номинациясы:

ІІІ орын - Слюсарева Анна Александровна, Қарғалы аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім-логопеді;

Алғыс хат- Қапанова Айымгүл Серғалиқызы, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім-логопеді;

«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік педагогі» номинациясы:

ІІІ орын - Кудайбергенова Гульжан Кусаиновна, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының логопеді;

Алғыс хат - Мохиборода Анастасия Вячеславовна,        қалалық психологиялық-медициналық - педагогикалық консультациясының тифлопедагогі

«Арнайы білім беру ұйымының үздік тәрбиешісі» номинациясы:

ІІІ орын - Айжанова Маржангул Жаксыликовна, «Ақбота» арнайы балабақшасының тәрбиешісі;

Алғыс хат - Атраубаева Галия Орынбасаровна, «Алма» арнайы балабақшасының тәрбиешісі;

Мұқанбетжанова Гүлден Мұратқызы, «Алма» арнайы балабақшасының тәрбиешісі;

«Арнайы мектептің үздік педагогі» номинациясы:

І орын - Шаханова Нургуль Абдулхамитовна, Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің информатика пәні мұғалімі;

ІІ орын - Каплиева Райгул Аманжоловна, Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің мұғалім-дефектологі;

ІІІ орын - Усачёва Наталья Валерьевна, облыстық арнайы мектеп-балабақшасының дефектологі;

           Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің информатика пәні мұғалімі Шаханова Нургуль Абдулхамитовна «Арнайы мектептің үздік педагогі» номинациясы бойынша үздік атанып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

         Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT