2025 жылғы 29 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «ДҮНИЕ» колледжі базасында «Ұлы дала ойыны» тақырыбында облыстық ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/184-kolledzh-b-l-m-alushylarymen-ltty-sport-t-rler-nen-zharys-tt#sigFreeId6971559129
Жарыстың басты мақсаты — білім алушылар арасында ұлт мұрасын ұлықтап, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ұлы дала рухын сезіндірген бұл жарыс — ата-бабамыздан жеткен асыл аманатты ардақтаудың айқын көрінісі болды.
Жарысқа Ақтөбе қаласында орналасқан 13 колледжден 23 білім алушы қатысты.
«Қол күрес» ұлттық спорт түрі бойынша:
Бас жүлде - Бітімбай Әлішер Алматұлы, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі
I орын - Бегимбетов Даулеткерей Алимбайулы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;
I орын - Манабаев Ақұлан Еркебұланұлы, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі;
II орын - Нурланулы Нурхан, Ақтөбе техника - технологиялық колледжі;
II орын - Нәбижан Ақжол Нұржанұлы, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп- интернат – колледжі;
II орын – Жеңісбайұлы Бауыржан, Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі;
III орын - Аманов Мейіржан, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
III орын -Азамби Сейдулла, Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі
III орын – Әбіжанов Рақымжан, Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп – интернат – колледж» кешені
«Асық ату» ұлттық спорт түрі бойынша:
Бас жүлде – Қалқабай Саят Медетұлы, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі;
I орын - Нұрлыбекұлы Айбол, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі;
I орын - Жамбылұлы Бақдәулет, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп- интернат – колледжі
II орын - Илиясов Мадияр Даниярұлы, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
II орын - Ізмагамбетов Аманат, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
II орын - Мергенбай Мейржан Медетбайұлы, Ақтөбе құрылыс – техникалық колледжі
III орын - Мұхитжанов Қуанар Мажитжанұлы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
III орын - Мырзабаев Даниал, Ақтөбе сервис колледжі
III орын - Акилбекулы Нурлыжан, Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледждері иеленді.
Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Жарыс жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!