Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облысында мұғалімдер мен ата-аналар арасында ауқымды сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – электронды журналды қолданушылардың қанағаттанушылығын зерттеу болды. Зерттеу 3 100-ден астам педагог пен 6 800 оқушының ата-анасын қамтыды. Нәтижелер отандық BilimClass цифрлық шешімінің мектеп жүйесінде жоғары сұранысқа ие әрі тиімді екенін көрсетті.

Мұғалімдердің пікірі: ыңғайлылық, тұрақтылық, қолдау
Педагогтердің арасында:
86,8 % жергілікті қауымдастықты қолдау, қауіпсіздік және сенімділік тұрғысынан отандық платформаны қолдану маңызды немесе өте маңызды деп санайды.
Платформамен жұмыс істеудің үш негізгі аспектісі жоғары бағаланды:
Интерфейстің ыңғайлылығы – 91,8 %
Жұмыс тұрақтылығы – 91,9 %
Қолдау қызметінің сапасы – 91,3 %
82,9 % мұғалім BilimClass-тың күнделікті жұмысына оң әсер еткенін атап өтті.

Ата-аналардың пікірі: сенім мен жайлылық
Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей:
85,3 % қазақстандық платформаны қолдануды маңызды немесе өте маңызды деп есептейді.
Келесі көрсеткіштер жоғары бағаланған: тегін мобильді қосымшаның болуы (88,1 %), жұмыс тұрақтылығы (88,2%) және платформаның ыңғайлылығы (87,7%).
90,5 % респондент басқа отбасыларға платформаны ұсынуға дайын екенін растады.

Сауалнама нәтижелері электронды журналдарды қолдану білім беру экожүйесінде мұғалімдер мен ата-аналар үшін сенімді, ыңғайлы және тиімді құрал ретінде орныққанын дәлелдейді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT