«Тең құқық-тең мүмкіндіктер» облыстық жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 мамыр күні «Оңтайландырудан жетістікке дейін: инклюзивті білім берудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында онлайн семинар өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/182-o-tajlandyrudan-zhet-st-kke-dej-n-inklyuzivt-b-l-m-berudeg-zha-a-t-s-lder#sigFreeIdccd9aca789
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/182-o-tajlandyrudan-zhet-st-kke-dej-n-inklyuzivt-b-l-m-berudeg-zha-a-t-s-lder#sigFreeIdccd9aca789
Шараға 100-ге жуық ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін орта мектеп педагогтері қатысты.
Семинар барысында №6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогі Г.Максимова инклюзивті білім берудегі табысты формулалар, Қобда қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Нұрлыбай қазақ тілі сабағында «Метроном ырғағы» әдісін қолданудың тиімділігі, Шалқар ауданы № 1 мектеп-гимназиясының арнайы педагогі А.Баянова дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері, Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Мендигалиева ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, Қобда қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Мусина инклюзивті білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер туралы баяндамалар оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.