Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы №9 «Бәйшешек» бөбекжай-балабақшасында Өлкетанушы, ардагер-ұстаз Серғалиева Райгүл Ақтөреқызының «Ұлттық құндылық-ұлт қорғаны» авторлық бағдарламасының эксперимент жұмысын қорытындылау семинары өтті.


Шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарда жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені дәріптеу, Отанын, туған жерін, елін, ұлттық құндылығын қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өте маңызды, құнды ақпараттар айтылды.

Сондай-ақ, «Қарлығаш» ортаңғы топ тәрбиешілері эксперимент  бойынша  балалармен ою-өрнек, асық ату ойындарын, қоржын тігу, қамшы өру жұмыстарын көрсетті. «Ақбота» ортаңғы топ тәрбиешілері ата-аналарды топқа бөліп, сұрақтар қойып, тапсырмалар орындату арқылы сайыс түрінде өткізді. Музыка жетекшісі ұлттық құндылыққа байланысты ұлттық аспаптар бойынша іскерлік ойын ұйымдастырды. Әдіскер тарапынан жыл бойы өткен жұмысты қорытындылап, нәтижелі үш бағытқа байланысты бала-ана-педагог жұмысының өткеніне тоқталды.  

Қатысушылармен белсенді кері байланыс жүргізілді.

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім әдіскері, п.ғ.м.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT