2025 жылдың 14 мамырында Хромтау қаласындағы №4 орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Муканова Алтын Жумагалиевна «Оқушыларға азаматтық-құқықтық тәрбие беру» тақырыбындағы шығармашылық есебін ұсынды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенді ұстанымын дамытуға және заңға құрметпен қарауға баулуға бағытталған жүйелі тәрбие жұмысының қорытындысы ретінде ұйымдастырылды.
Есеп беру барысында атқарылған негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды:
-тақырыптық сынып сағаттарын өткізу;
-азаматтық-құқықтық сана мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша айлық ұйымдастыру;
-құқықтық білім беру мектебінің жұмысы;
-құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер;
-құқықтық мазмұндағы ойындар мен викториналар өткізу.
Шығармашылық есеп фотоматериалдармен, бейнежазбалармен және театрландырылған көрініспен сүйемелденді.
Бағдарлама аясында келесі іс-шаралар өтті:
-«Біз біргеміз, биік іргеміз» атты психологиялық тренинг;
-«Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбындағы воркшоп;
-«Жол қозғалысы ережелері» бойынша «Жол калейдоскопы» атты геймификация;
-«Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» атты сыныптан тыс іс-шара.
Аталған іс-шараға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Наренова А.М., сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен Хромтау, Әйтеке би, Мұғалжар, Байғанин аудандарынан келген мектептердің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Шығармашылық есеп соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, үздік тәжірибелерді талқылап, болашақтағы тәрбие жұмысының тиімді әдістерін қарастырды.
Қосымша білім беру және тәрбие бөлімі