Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерін дамыту» облыстық Жол картасын орындау мақсатында Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» көшпелі семинар өтті. Семинарға 12 тірек мектебінің басшылары мен пән мұғалімдері қатысты.
Шара Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері А.Ақылбаева жоба аясында атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып, бүгінгі семинарға сәттілік тіледі.


Семинар барысында тірек мектебінің жетістіктер галереясымен танысып,

🔸«Жаңашыл мұғалім –өзгерістер бастауы» А.Б.Калиева – педагог-ұйымдастырушы;
🔸Ғылыми жұмыстар панорамасы: «Оқушылардың ғылыми жобаларын ұйымдастыру – шығармашылық идея»;
🔸Тәжірибе сабағы: «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»
Л.Т.Ержанова –химия пәні мұғалімі;
🔸Саяхат сабақ: «Мен аспан әлеміне барсам...» Н.А.Казиева–қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
🔸ШЖМ-пен бірлескен сабақ: «A description of a moderncity» Г.Б.Кемешова–ағылшын тілі пәні мұғалімі, А.И.Мендыбаева— Қосарал негізгі мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;
🔸Жас маман мен тәлімгердің дуэт сабағы:«Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі»
С.А.Камаладинова, Е.Х.Жасар – тарих пәні мұғалімдері;
🔸Зерттеу сабағы: «Дыбыс қалай пайда болады? Табиғат физикасы», Л.К.Шарипова–бастауыш сынып мұғалімі, М.С.Ершуақов – физика пәні мұғалімі;
🔸Шебер класс: «Қан топтары. Қан құю. Резус- фактор. Агглютинация»
М.Қ.Мәдірова – биология пәні мұғалімі;
🔸Дарынды оқушылар шеруі: «Дарын: талап, ізденіс, нәтиже»
Г.Төлегенова, Г.Тілек, Ә.Қошанова, Д.Тажимуратова-ғылыми жетекшілер жұмыстары көрсетіліп, ағылшын тілі пәнінен онлайн сабаққа қатысты.
Семинар соңында рефлекция жасалып, қатысушылар марапатталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT