Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

          Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Темір аудандық оқушылар үйінің базасында «Ұлттық қолөнер – ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы  шығармашы- лық шеберхананың кезекті отырысы  және  қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне және білімалушыларға  арналған  «Қосымша білім берудегі шығармашылыққа үйретудің инновациялық әдістері мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар - практикум   өткізілді.

Семинардың алғы сөзі Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна мен Темір аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Темирханова Гульшат Темирхановнаға берілді.

 Мақсаты: Педагогикалық шығармашылық шеберхана – педагогтердің кәсіби деңгейі мен тәжірибесін арттыра отыра, қосымша  білім беруде, әр балалаға салт- дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу, ұлтымыздың рухани байлығын дамыту, өзінін жеке танымдық, эстетикалық, көркемдік шығармашылық  сұраныстарын  қанағаттандыруға  мүмкіндікті  беру. Ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие патриотизімнің бастауына ықпал ету.

   Шара барысында шеберехана мүшелері қазақ халқының мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету,  түрлі бағыттағы шеберлік сағаттары мен шығармашылық жұмыстың заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетіп, қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет үйірмелерінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT