Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерте жастағы балаларды ойын әрекеттері арқылы дамыту» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.
Шараға облыстың 40-қа жуық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.
Шебер-класс барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығының мамандары аутистік спектр бұзылыстары бар балалардың ойын ерекшеліктері мен ерте араласудың Денверлік моделі және Jasper әдісін көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балаларға АВА терапиясын ойын әрекетінде қолдану тәсілдерімен таныстырды.
Шараға қатысушылармен практикалық кейстер жүргізілді. Қатысушылар шебер-кластан алған әсерлерімен бөлісті.