2025 жылғы 25 сәуір күні Ақтөбе облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жас ұрпақ әлеміне -тағылымды тәрбие» тақырыбындаоблыстық көшпелі семинар Ақтөбе автожол колледжінде өтті.
📌 Мақсаты - білім алушылар мен ата-аналар арасында тәрбиенің маңызды аспектілеріне назар аударуда, тиімді қарым-қатынас жасауына көмек көрсету, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру және жастардың бойында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
📌Семинардың ашылуында орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина оқу-тәрбие жұмысын жандандыруда тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, Ақтөбе автожол колледжі директорының міндетін атқарушы С.Қ.Елеусизова білім алушылар мен ата-аналар арасында тәрбиенің маңызды аспектілеріне және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі ұжымның міндеттерін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К.Махамбетова, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын әр шара барысында жастардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда әр педагог пен ата-ана қолдау көрсетуі қажет екенідігін айтып өтсе, ата-ана комитетінің мүшесі Б.А.Бакиева бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру әр ата-ананың басты мақсаты екендігіне тоқталды.
📌Тәжірибелік бөлімде: тәжірибелі топ кураторлар А.А.Утепова «Тамыры терең ұлттық тәрбием», Ж.А.Абимолдина «Жастарға арналған креативті алаңдар: бос уақытты тиімді өткізу тәжірибесі», А.Ғ.Иманқұлова, Б.А.Қаражан «Тәрбиенің бастауы-ұлттық құндылық» тақырыптарында топ сағаттарын өткізуде түрлі әдістерін көрсетіп өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай – ақ, әдіскер Б.Е.Ізбасханова, кітапхана меңгерушісі Ж.К.Салауатова, өндірістік оқыту шебері Г.М.Болатбай «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталық жұмысы, ұлттық құндылыққа негізделген білім алушыларды өз қолдарымен жасалған қол өнер көрмесімен таныстырып, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Г.Ж.Жиенбеков білім алушылар арасында ұлттық ойындар сайысы, колледж психологі Ы.Д.Жумажанова әлеуметтік педагог Г.Г. Жаманкулова тренинг, педагог-ұйымдастырушы С.Б.Карипжан, музыка жетекшісі М.Асылбекұлы «Жас ұрпақ әлеміне - тағылымды тәрбие» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
📌 Семинар соңында шараға ат салысқан педагогтерге Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының Алғыс хаттарын табыстаумен қорытындыланды.