Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 21 сәуір күні облыс көлеміндегі сынып жетекшілерге арналған «Класс жетекшінің заманауи рөлі: инновациялық тәсілдер мен әдістер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Аталған іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарынан келген 37 сынып жетекшісі қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – заманауи білім беру жағдайында сынып жетекшісінің кәсіби рөлін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу және тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарын қарастыру.

Семинар барысында үш тәжірибелі спикер сөз алып, өздерінің нәтижелі жобаларымен, шығармашылық жұмыс түрлерімен және заманауи әдістемелерімен таныстырды. Олар тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы авторлық бағдарламалар, ата-аналармен тиімді серіктестік орнату, оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған іс-шараларды жоспарлау тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-практикум қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, үздік тәжірибелерді талқылап, болашақта қолдануға болатын тың идеялар мен әдістемелік ұсыныстар алды. Қатысушылар тарапынан мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT