17-18 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА академиясы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы бірлесіп «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасын масштабтау бойынша республикалық семинар ұйымдастырды.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/158-tsifrly-tekhnologiyalardy-pajdalanyp-a-t-be-oblysynda-y-sha-yn-zhina-ty-auyl-mektepter-n-leuet-n-arttyru#sigFreeIda3486866e7
Онлайн форматта өткен республикалық семинар жұмысына облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері, аудандық білім беру ұйымдарының әдіскерлері, ауыл мектептері және шағын жинақты мектеп директорлары мен педагогтері, жалпы саны 500-ден аса тыңдаушы қатысты.
Семинар барысында шағын жинақты мектеп білім алушылары мен педагогтердің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарға жағдай жасау, жоба аясында қашықтан өткізілетін сабақтарды ұйымдастыру жұмыстары, цифрлы білім беруде белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін қолданудың тиімділігі тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, жоба барысында туындаған сұрақтарға жауап берілді.