Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 16-17 сәуір күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп «Бизнеске арналған шешімдер» тақырыбында Хакатон ұйымдастырылды. Екі күнге созылған бұл зияткерлік сайыс өз мәресіне жетті.


Хакатонға 40-тан астам студент қатысып, 12 командадан құралған қатысушылар бизнеске арналған цифрлық шешімдерін әзірледі. Командалар өз идеяларын нөлден бастап дамытып, оларды кәсіби менторлар мен сарапшылар алдында сәтті қорғап шықты.
Іс-шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және үйлесімді командалық жұмысты көрсетті. Бірқатар жобалар болашағы зор, әрі одан әрі жетілдіруге әбден лайық екенін дәлелдеді.
Жүлдегерлер келесідей анықталды:
 Бас жүлде — «CyberSteppe» командасы, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі
Жетекшісі: Сағындық Бану Серікқалиқызы
 І орын — «FutureForce» командасы, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
Жетекшілері: Кадирова Акбота Мурзагуловна, Каймолдиев Адилет Берикович
 ІІ орын — «Future» командасы, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі
Жетекшісі: Аленова Салтанат Ибраевна
 ІІ орын — «АКТКиНТ» командасы, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Жетекшісі: Тулемисова Нагима Мухаметгалиеевна
 ІІІ орын — «EKEB» командасы, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі
Жетекшісі: Хайрулин Артём Рафаилович
 ІІІ орын — МПК «Рауан» командасы, «Рауан» көпсалалы колледжі
Жетекшісі: Райхан Досжан Мұхитұлы
 ІІІ орын — «Аль-Феста» командасы, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі
Жетекшісі: Есетова Мира Климова
 ІІІ орын — «Кандыағаш командасы», Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі
Жетекшісі: Койшыгулов Жасуланбек Умирбекович
Алғыс хат— «Сандық шебер» командасы, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Жетекшілері: Каликова Айгуль Сериковна, Маханова Арайлы Тулебаевна
Хакатон 2025 қатысушылардың инновациялық ойлауын айқын көрсетті. Бұл тек байқау ғана емес, болашақ кәсіпкерлер мен IT-мамандарын ынталандыру алаңы болды.

Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Aqtobe Hub орталығына, барлық менторларға және сарапшыларға алғысымызды білдіреміз!

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT