Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 15 сәуір күні «Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар» жаттығу сабақтары, симуляциялар тақырыбында облыстық семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/149-t-tenshe-zha-daj-kez-ndeg-s-imyldar#sigFreeId0830b539fc
Семинардың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде дұрыс және тиімді әрекет етуге үйрету, азаматтық қорғаныс дағдыларын дамыту, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерімен таныстыру және тәжірибелік жаттығулар өткізу.
Іс-шараға 42 алғашқы әскери дайындық пәні жетекшілері қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен Ақтөбе қаласындағы №49 орта мектептің мұғалімі келесі тақырыптарда презентациялар ұсынды:
- «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі»;
- «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері»;
- «Жарақат алған кездегі іс-әрекеттер»;
- «Эвакуациялық жинау пункттерінің жұмысы».
Семинар аясында «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, қатысушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік берілді.
Семинар барысында қатысушылар Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өткізген практикалық сабақтарға қатысты.