2025 жылдың 10 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Шеберліктің сан қыры» атты облыстық онлайн сынып сағаттары өтті. Іс-шара сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және тәрбиелік жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Онлайн форматтағы іс-шараға 60-қа жуық педагог қатысты. Шара барысында 7 спикер сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жүргізген сынып сағаттары мен сыныптан тыс тәрбиелік шаралар мазмұны мен формасы жағынан әртүрлі, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған заманауи тәсілдерге негізделгені байқалды.
Шара барысында қатысушылар үшін «Ашық микрофон» ұйымдастырылып, педагогтер пікір алмасып, сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Қорытынды бөлімде ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай шаралар педагогтердің кәсіби өсуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті.