Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы  жылдың  03 сәуір күні  «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатты аяла» тақырыбындағы облыстық кездесу өткізілді.

Шара барысында  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының техникалық  және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Б.Нурмолдина өз сөзінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын теорияда және тәжірибеде іске асырудың шарттарын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Жақсылықов білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуде жергілікті ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдау барысында ТжКББ ұйымдарымен  бірлесіп ұйымдастырылған  шараларға тоқталып, биылғы оқу жылында бірлсесе атқарылатын шаралардың мазмұнын түсіндірді.

            Тәжірибелік бөлімде:  

- Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің педагог-психологі, топ кураторы А.Төлеген «Қайырымдылық пен волонтерлік игі іс»,

- Хромтау тау – кен техникалық жоғары колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Н.Асылбек «Мейірімділік пен жанашырлық: әлемді жақсартатын күш»   тақырыптарында ашық алаң, шебер класс ұйымдастырып «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясындағы түрлі жобалардың  тәрбие процесіндегі іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Шара соңында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің педагог-психологі Ж.Жолмағанбетова фасилитация өткізіп,  кеңес берді. Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері  ескеріліп, шара қорытындыланды.  Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT