Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00 онлайн форматта «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Баланың отпен ойнаудың алдын алу», «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттың алдын алу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/138-avtok-l-kterdeg-rt-au-ps-zd-g-sharalary#sigFreeId0e4f95cac5
Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт басқармасының бас маманы а/қ капитаны Мұхтар Аслан Берікұлы өрт қауіпсіздігі шараларына тоқталды; Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Кеңшіліков Биғалым Нұрбекұлы балалар тұрмыстық жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек әрекетерін көрсетіп өтті; Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Туменов Арыстанбек Едилханулы - суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.
Сабақ барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптары бойынша қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 415 мектеп, 6105 оқушы қатысты.