Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 28 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімдеріне арналған «3D модельдеу және анимация» атты облыстық семинары өтті.

Орталықтың ІТ бөлімінің меңгерушісі Жаншуақ Нұрлыбайұлы 3D модельдеу бойынша маңызды аспекттілеріне тоқталып, алдағы уақытта байқаулар мен жобалардың болатындығын айтып өтті.
Семинардың теориялық бөлімінде «Информатика мұғалімін даярлауды іргелі ету жағдайында 3D графика есептер жүйесі және оларды шешу әдістері» бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Гүлназ Байдрахманова тереңірек мағлұмат берді. «Blender бағдарламасында 3D модельдеу: қадамдап үйрену» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аида Байтурина практикалық жұмыстарын көрсетті.
Семинар барысында «Ашық кодты жасанды интеллект құралдары (TensorFlow, PyTorch, Keras, Open AI API)» Aqbobek International School мектебінің информатика пәні мұғалімі Асемгүл Андреевна жасанды интеллект пен Python арасындағы байланысты атап көрсетті.
Семинардың практикалық бөлімін Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Амандық Мусит «Болашақ инжерения» бойынша көптеген практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар кері байланыс жасап, жақсы пікірлерін айтып, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Шара соңында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT