2025 жылдын 31 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған «Класс жетекші - тәрбие жұмысының заманауи моделі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар off-line форматында ұйымдастырылып, оған 45 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты – сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысында инновациялық тәсілдерді қолдану және тәжірибе алмасу. Іс-шара барысында тәрбие жұмысындағы жаңа тенденциялар, оқушылармен қарым-қатынас орнату, ата-аналармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Педагогтар тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша практикалық ұсыныстармен танысты. Семинар соңында мамандар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.