2024 жылғы 28 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «SMART BALA» жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық онлайн семинар өтті. Семинар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасының 2024 жылғы 8 тамызындағы №380 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Оған облыстың білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық педагог қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/129-oblysty-onlajn-seminar-smart-bala-zhobasyn-zh-zege-asyru#sigFreeIdeb4c52c6c7
Семинар барысында Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар және Ойыл аудандарынан 5 спикер өз баяндамаларымен бөлісті. Олар «SMART BALA» жобасының мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, оның білім беру саласындағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелері ұсынылды. Жоба аясында оқыту сапасын жақсарту, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушылардың білім алуға деген ынтасын күшейту мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жобаны тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасады. Педагогтер «SMART BALA» әдістерін оқу үрдісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастырып, тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті. Жалпы, семинар білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды енгізу мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды.