Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ырғыз аудандық балалар өнер мектебінің домбыра класының оқытушысы, педагог-зерттеуші, Республикалық, облыстық күйшілер байқауының жүлдегері Ерманхан Динагүл Алиханқызының озық іс-тәжірбиесін тарату мақсатында «Қазақ күйлерінің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы шебер - класс өткізілді.
Шара аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Нарегееваның алғы сөзімен ашылды.
Шебер-класс барысында «Күйлердің тәрбиелік мәні мен рухани құндылығы», «Күй өнерінің шығу тарихын, дамуын және оның ұлттық болмыспен байланысын көрсету», «Күйді талдау дағдысы қалыптасып, оның эмоциялық және тәрбиелік әсері», «Ұлы күйшілердің шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар», «Гамма,Этюдтер. Халық күйлерімен танысу», «Төкпе,шертпе күйлерінің айырмашылығы. Ойнау әдіс-тәсілдері» (күйдің орындалу ерекшеліктері, шерту, қағыс түрлері), «Классикалық шығармалармен жұмыс жасау» (Бір ішекті,екі ішекте тремоломен жұмыс жасау) тақырыбында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында қортындыланып, қатысушылар ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.