Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибені жалпылауға және таратуға бағытталған әдістемелік қызметтің рөлін, ерекшеліктерін және тиімділігін талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының қалалық,аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру бағытты бойынша жауапты әдіскерлер, қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері, әдістемелік бөлім меңгерушілеріне арналған «Әдістемелік қызметтің мәні мен ерекшеліктері қосымша білім беру жүйесінде» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/127-d-stemel-k-yzmett-m-n-men-erekshel-kter-osymsha-b-l-m-beru-zh-jes-nde#sigFreeIdfbfd34c9ed
Шара барысында «Қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру», «Педагогикалық әдеп, ұстаздың этикасы және мәдениеті», «Қосымша білім беру педагогтерінің қызметін әдістемелік қолдау», «Ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту» тақырыбында негізгі мәселелер талқыланып, спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.