Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 27 наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған «Шеберліктің сан қыры» атты облыстық онлайн сынып сағаттары өтті.

Іс-шараға 80-ге жуық педагог қатысты. Семинар барысында сынып жетекшілері оқушыларды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. 5 спикер өз тақырыптары бойынша баяндама жасап, қатысушыларға құнды ақпарат ұсынды. Олар оқушылардың тұлғалық дамуы, құндылықтар жүйесін қалыптастыру, ата-аналармен ынтымақтастық орнату, оқыту процесіндегі заманауи әдістер және тәрбие жұмысының инновациялық тәсілдері туралы өзекті мәліметтерді ортаға салды.

Семинар соңында «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, педагогтар өзара пікір алмасты. Қатысушылар оқушылардың тәрбиесі, олардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру және заманауи сын-тегеуріндерге бейімделу тақырыптары бойынша ойларын ортаға салды.

Қорытынды бөлімде педагогтер заманауи білім беру талаптарына сәйкес жаңа әдістерді меңгеру үшін осындай кәсіби алаңдардың кеңейтілуі керектігін ұсынды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT