2025 жылдың 18 наурыз күні Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөліміне қарасты №3 Алға қазақ орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтардың пәндерге енгізілуі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің меңгерушісі А.М Наренова, Алға ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Кангужин, Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Г.С.Мырзағалиева, АББ әдіскерлері және білім беру ұйымдарының басшылары, балабақша меңгерушілері қатысты.
Семинар барысында жаратылыстану – математикалық бағытындағы математика, химия, биология, информатика сабақтарында құндылықтардың енгізілуі TEDx форматында көрсетілді.
Спикерлер «Математика- құндылықтың қайнар көзі», «Абай әлеміндегі физика немесе құндылықтарды пәнге қалай кіріктіреміз?», «Химия пәніндегі ұлттық құндылықтар», «Тарихи тәжірибемен болашаққа бағыт», «Ұлттық құндылықтарды информатика сабағына кірістіру», «Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы» тақырыптарында өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Болашақ жас ұрпақтың тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды білім саласына енгізудің маңыздылығына бағытталған семинар өз мақсатына жетті.