Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы наурыз айында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Жасанды интеллект және нейрокөмекшілер: педагогикалық шеберлікті дамыту жолдары» атты облыстық шебер-сағатын өткізді.

Шараның мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) және нейрокөмекшілердің білім беру процесіндегі рөлін зерттеу, оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру және педагогикалық шеберлікті арттыру.
Шебер-сағат барысында педагогтер жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерімен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар ЖИ-дің негізгі қағидалары, оны пәнаралық интеграцияда пайдалану, бағалау мен кері байланысты ұйымдастыру, креативті тапсырмалар генерациясы және білім берудегі цифрлық құралдар сияқты өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар, практикалық жаттығулар, интерактивті ойындар мен ой сергіту сессиялары ұйымдастырылды.
Қорытынды сессияда педагогтер ашық диалог форматында пікір алмасып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Және де мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының маңыздылығын атап өтіп, жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу бағытында алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізуді ұсынды.
Шебер-сағат педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, жаңа технологияларды игеруге ықпал етті.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT