Семинар мақсаты - білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балаларды табысты оқыту және дамыту үшін қажетті әлеуметтік –психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасаудың маңыздылығын түсіндіру.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/104-erekshe-b-l-md-azhet-etet-n-balalardy-o-u-protses-ne-osudy-amtamasyz-etu-oblysty-onlajn-seminary#sigFreeIdcb59dd6b0e
Шараға барлығы 100-ден астам аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-ассистенттері, логопед, дефектолог, психолог мамандары қатысты.
Семинар барысында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептегі арнайы педагог, педагог-ассистент қызметі, мектептегі оқыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың қажеттіліктерін бағалауды және қолдауды ұйымдастырудағы деңгейлік тәсілдер, жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен мұғалімнің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы
сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында семинар қатысушыларымен кері байланыс жасалып, сұрақ-жауаптар алынды.