Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар тарап жатыр.
“БЖЗҚ” АҚ ЕСКЕРТЕДІ: Зейнетақы жинақтарын алу тек Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін:
✔ Зейнет жасына толу
✔ 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік
✔ Шетелге тұрақты тұруға кету
✔ Мұрагерлік
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы азаматтар:
✅ Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде)
✅ Жоғалған табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер (шоттағы жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады)
✅ Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады)
✅ Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады)
Маңызды:
? Зейнетақы жинақтарын тек екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдалануға болады – делдалдық қызметтер қажет емес!
? БЖЗҚ ешқандай комиссия немесе ақы алмайды!
Делдалдардың қызметіне жүгіну қандай қауіп төндіреді?
❌ Ақшаңызды жоғалтуыңыз мүмкін
❌ Жеке деректеріңізді алаяқтар қолданып кетуі мүмкін
Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін:
? Ресми сайт: www.enpf.kz
? Мобильді қосымша: БЖЗҚ/ЕНПФ ?
Байланыс орталығы: 1418 (WhatsApp: +7 777 000 1418)
? Әлеуметтік желілердегі ресми