Мүгедектік бойынша немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қалай рәсімдеуге болады
Мүгедектік бойынша немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қалай рәсімдеуге болады
I немесе II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін келесі тәсілдермен рәсімдей алады:
• БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы • enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
• БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы
Сондай-ақ, алушылар үшін көшпелі қызмет көрсету қарастырылған.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер:
• 50 жастан бастап тағайындалады
• онлайн рәсімдеуге болады
• төлемдердің кестесін салымшы өз бетінше белгілейді
БЖЗҚ қызметтерді тегін көрсетеді. Төлемдерді рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.
Қызметтерді тек БЖЗҚ-ның ресми арналары арқылы пайдаланыңыз.