Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;
- Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;
- мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.
Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді

